2018 жылы қазақтың атақты әншісі, актер, әрі музыканты Әміре Қашаубаевтың туғанына 130-жыл толады. Осыған орай, облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада Бұхар Жырау атындағы мұражайы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша және «Шабыт» клубы аясында қазақ халқының дүлдүл әншісі Әміре Қашаубаевтың мерейтойына арналған «Парижды тамсандырған» атты эстетикалық сағатын өткізді.
Мұражай қызметкерлері Әміре Қашаубаевтың репертуарынан «Балқадиша», «Дударай» әндерін ұсынды және әншінің өнерімен, шығармашылығымен оқырмандарды таныстырды.