+7 (7182) 65-01-29

3 шілде күні Павлодар облысының қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында, Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – ұлттық мұрам» атты музыкалық кеш өткізілді.


Кештің барысында күмбірлеген күйлер орындалып, домбыраның шығу тарихы мен қазақ мәдениетіндегі орны туралы мәліметтер айтылды. Қатысушылар ұлттық өнердің құдіретін сезініп, әсем әуеннен ерекше рухани әсер алды.
Домбыра – халқымыздың тарихын, рухын, салт-дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қасиетті мұра. Ұлттық домбыра күні -ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын ерекше мереке.