Биылғы жылы Павлодар радиосына 80 жыл толып отыр. Осыған орай радио басшылығы көптеген хабарларға назар аударды, соның бірі «Шамшырақ» хабары болып табылады. Хабарды 2009 жылғы қаңтар айынан бастап облыстық арнайы кітапхана дайындайды және жүргізеді.
Облыстық арнайы кітапхана басшысының орынбасары Қуантаева Ләззат өз сұхбатында хабардың Павлодар облысының мүмкіндігі шектеулі жандарына арналғаны жайында айтып берді.
Радиохабарға дарынды мүгедектер: әншілер, ақындар мен музыканттар, және де отбасылық әулеттер қатысты. Бұл хабар тағдырдың тауқыметімен үйлерінде отырған адамдарға ақпарат көзі болып табылады.
Хабардың соңында Ләззат Қуантаев облыстың барлық тұрғындарын және радио басшылығын мерекемен құттықтап, осындай хабарды ұйымдастырып және өткізуге көмек көрсеткендері үшін алғыс білдірді.