Облыстық арнайы кітапхана қыстың соңғы күні Павлодар облыстық журналисі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, публицист, «Звезда Прииртышья» газетінің бас редакторы Юрий Поминовтың 70 жылдығына арналған «Павлодар – вчера, сегодня, завтра» атты кездесу кешін арнады.
Юрий Дмитриевич өмірі мен шығармашылық жолы туралы және журналистік өмірден көптеген қызықты әңгімелерін айтты. Александр Шиллер орыс әндер хорының орындауындағы көңілді ән, құттықтау сөз кештің көркін енгізді (жетекшісі Д.Козлов).
Оқырмандардың назарына «Павлодар-вчера, сегодня, завтра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, бұл көрмеде қонағымыздың шығармашылығы ұсынылды.
Кеш соңында Юрий Дмитриевич жеке қолтаңбасымен жазылған кітаптарын сыйға тартып, кітапханамыздың қорын толықтырды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/pavlodar-vchera-segodnya-zavtra-kezdesu-keshi.html#sigProIdb4b830e7e6