15 тамыз күні облыстық арнайы кітапханадазағип ақын, Қазақ Соқырлар Қоғамының құрметті мүшесі, кітапхананың белсенді оқырманы Ольга Петровна Григорьевнаның 70-жылдық мерейтойы өткізілді.
Мерейтой кешін Павлодар Филармониясының камералық хорының әртісі Әсем Даутова «Туған күн» әнімен ашты. Ақынды құттықтауға, қуанышымен бөлісуге достары, оқушылары, кітапхана оқырмандары және әріптестер келді.
Ольга Петровна балалық шақтан бастап өлеңдер жаза бастады, бірақ өлеңдер жинағын шығаруға кейінірек орта жасында шешім қабылдады, бұған себепші болғандар дарын иесінің шығармашылығын жоғары бағалаған көзі көрмейтін достары болды. Кітапхана ұжымының талпынысымен «Друзьям, которых я люблю…» (2011 ж.) және «Солнечная грусть» (2013 ж.) атты жинақтар шығарылды. Ең соңғы өлеңдердің бірі, Астананың 20 жылдығына арналған «Шырқап, шырқап алайын, Астана!» (2018г.) жинақта жарық көрді. Жинақтардарда өмірбаяндық материалдар мен зағип ақынның өлеңдері жиналған.
Туған күн иесінің құрметіне қонақтардың өздері жазып шығарған өлеңдер мен музыкалық құттықтаулар шырқалды.
Кеш бәріне де аса қуанышты да керемет әсерлі минуттар сыйлады.