2021 жылдың 14-15 қыркүйегінде онлайн режимінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ ұйымдастыруымен ҚР арнайы кітапханаларының жас кітапханашыларының ІІІ Слеті өтті.
14 қыркүйек күні слет аясында «Арнайы кітапхана дамуының жаңа тенденциялары» атты Халықаралық онлайн -конференциясы өтті. Бұл шараға 35 жасқа дейінгі жас кітапханашылар қатысты.
Қатысушыларды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Ресей мемлекеттік зағиптар кітапханасының директоры (Мәскеу қ.), Қырғыз Республикасының Зағиптар мен саңырауларға арналған республикалық арнайы кітапханасының директоры, ТатарстанРеспубликасының зағиптар мен нашар көретіндерге арналған республикалық арнайы кітапханасының директоры, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған Санкт -Петербург мемлекеттік арнайы орталық кітапханасының жетекші маманы қарсы алды.
Жас маман Татьяна Смирнова Павлодар облыстық арнайы кітапханасы атынан «Аудиокітаптар - ұйымдар арасындағы өзара әрекет көпірі» баяндамасымен сөз сөйледі.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/r-arnajy-kitapkhanalary-zhas-kitapkhanashylaryny-iii-sleti.html#sigProId16bee079b2