+7 (7182) 34-89-93

Наурыз – қазақ үшін де, Азияның көптеген халықтары үшін де бес мың жылдан астам тойланып келе жатқан жылдың басты мерекесі. Бұл көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басы.

17 наурыз күні облыстық арнайы кітапханада Наурыз мейрамының жарқын мерекесіне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды! Салтанатты шараға арнайы кітапхананың белсенді зағип оқырмандары: ақын, әнші- Сәбиев Жанғабыл, Павлодар Ертіс өңірінің ақыны Косович Валентина, «Сәулем-ай» ансамблі, сонымен қатар Павлодар ауданы Мәдениет үйінің жеке әншісі Тоқтар Нұрбеков домбыра мен баянның сүйемелдеуімен ән шырқаған.

Мерекелік шара барысында келген қонақтарға дастархан жайылып, наурыз көже мен бауырсақ қойылды. Қазақтың салт-дәстүрі бойынша Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудармашы, балалар жазушысы, Аққулы ауданының құрметті азаматы – Серік Сатыбалдин бата берді.

Демеушілер: «Сүт» АҚ-ның директоры Таран Светлана Валерьевнаға және мерекелік шараға бауырсақ дайындаған Жантенова Гүлдарайымға ерекше алғыс білдіреміз.

Онлайн кім

Қазір 82 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр