+7 (7182) 34-89-93

Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана ағымдағы жылдың 8 желтоқсан күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында  Жұмат Шанинның 125 жылдығына арналған  «Режиссер, драматург, актер»  атты әдеби сағатын Павлодар қаласының №25 ЖОБМ кітапханасында өткізді.

Кітапхана қызметкерлері жарық жұлдыз, жерлесіміз, қазақ халқының ұлттық өнерінің дамуына зор үлес қосқан актер, музыкант, жазушы-драматург, еліміздің алғашқы режиссерінің бірі - Жұмат Шанин туралы оқушыларға бейнебаяндар көрсетіп, өмірбаянымен таныстырды. Сондай-ақ, ұйымастырылған «Ж.Шанинның қаламынан туған шығармалар» атты кітап көрмесіне  шолу жасалды.

Белгілі жерлесіміздің шығармашылығы мен өмірі  туралы туралы  оқушылар  қызықты және жаңа мәлемет алды.