Рождество тек діни мереке емес, ол сонымен бірге адамдарды біріктіретін маңызды қоғамдық оқиға болып саналады.
Бұл мереке адамдарға жақсылық жасау, қоғамға пайдалы болу, кішіпейіл болу мен қайырымдылықты насихаттаумен есте қалады. Әрбір елдің өзіне тән Рождестволық дәстүрлері бар, бірақ олардың барлығының ортақ ерекшелігі — мейірімділік пен ортақтасудың маңыздылығы. Қазақстан жеріндегі ислам мен православие діндері арасындағы көпжылдық берік достық қазақстандықтардың рухани өмірінде, патриоттықты тәрбилеуде, азаматтардың ынтымағы мен келісімінің нығаюында маңызды рөл атқарады.
Сол себепті бүгін арнайы кітапхана төрінде «Рождество отырысы» атты іс шара ұйымдастырылды. Іс шарада «Иртышские казаки» халық казачий ансамблі орыс халықтарының «Ах где ж ты», «Молодая», «Пойду млада погулять» әндерін шырқады. Әлемдегі түрлі халықтар үшін бұл күн тек діннің мәнін ғана емес, сонымен қатар қайырымдылық, мейірімділік және бір-біріне деген құрметтің белгісі ретінде «Ару-ана» вокалдық ансамблі музыкалық құттықтауларымен шығып «Ахау керім», «Бипыл», «Туған жер» (попурри) әндерін орындады және кітапхананың белсенді оқырманы Косович Валентина Харитоновна «Рождество» туралы өзінің авторлық өлеңін оқып берді. Іс-шарада ойындар ойнатылып, жаңа жылдық бал ашу мен Рождестволық қызықты құттықтаулар айтылды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/rozhdestvoly-otyrys.html#sigProIdae3d1b7d92