6 тамыз күні дойбыдан спорт шебері, көру қабілеті бойынша мүгедектер ардагерлері кеңесінің мүшесі және кітапхананың белсенді оқырманы Владимир Андреевич Цукановтың 75 жас мерейтойына арналған «Рух күші. Ерік күші. Жеңіс күші» атты кездесу өтті. Салтанатты шара барысында «Альтаир» қорының жетекшісі С.Т. Амиров мерейтой иесіне спорттағы жетістіктері, қоғамдағы белсенді қызметі және «Альтаир» қорының жұмысына қосқан үлесі үшін Алғыс хат табыс етті.
Мерейтой иесін құттықтауға достары, әріптестері, дойбышылар, жаттықтырушылар жиналды. Мерекелік кештің сәнін Ж.Н. Алдамбергенов домбыраның қоңыр үнімен орындаған шығармасы мен А.Ж. Алдамбергенованың мерейтой иесінің сүйікті әнін орындауы келтірді.
Кештің ерекше әсерлі сәттерінің бірі В.Х. Косовичтің мерейтой иесіне арнаған авторлық «Мерейтой иесіне» атты өлеңіболды. Кездесу жылы әрі әсерлі атмосферада өтіп, жиналған қауым үшін тағылымды мерекеге айналды. Бұл шара рух күші, ерік-жігер және өз ісіне деген адалдық адамды әрдайым жеңіске жетелейтінін тағы бір мәрте дәлелдеді.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/rukh-k-shi-erik-k-shi-zhe-is-k-shi-t-l-amen-kezdesu.html#sigProIdb4e0aa3bfc

