+7 (7182) 34-89-93

Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы «Рухани қазына-2021» Республикалық фестиваліне қатысып «Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мемлекеттік кітапхана» номинациясы бойынша женімпаз атанды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі бұйрығымен Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылдан бастап «Рухани қазына» республикалық ұйымдар мен мәдениет қызметкерлерінің фестивалі жыл сайын 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күніне орай өткізіледі.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020 жылдан бастап «Рухани қазына» фестивалі онлайн форматта өткізіліп келеді (қазылар алқасы мүшелері үшін оффлайн форматта, қатысушылар үшін - онлайн).

Ағымдағы жылдың 18-21 мамыр аралығында Көкшетау қаласында фестиваль аясында жоспарланған бірқатар іс-шаралар, оның ішінде марапаттау рәсімі, шетелдік сарапшының қатысуымен шеберлік сыныптары өтті.

Онлайн кім

Қазір 147 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр