Тұңғыш Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын еліміздің түкпір-түкпірінде әр түрлі іс-шаралармен жүзеге асыруда. Солардың бірі болып Павлодар облыстық арнайы кітапхана 11 сәуір күні «Рухани жаңғыру –болашақтың айқыны» атты оқырман конференциясын ұйымдастырды.
«Рухани қазына» кіші бағдарламаларының менеджері Козбаева А.облыс деңгейінде атқарылған істер жайында сөз қозғаса, №24 мектеп ұстаздары Рахимжанова Р. және Макажанов А.«Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы бойынша мектеп деңгейінде болып жатқан өзгерістерді слайд арқылы баяндап берді.
Кітапхананың белсенді оқырмандары Баяндин Е, Сатыбалдин С, Ибраева Б, және Кабдулов Д. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының алты бағыты бойынша пікірлерін білдірді.
Қорытынды сөзді кітапхана орынбасары Л.Куантаева айқындады.Бағдарламаның барлық жобаларына тоқтала,«Қазақстанның киелі жерлері» жобасының аясында кітапханада жылдар бойы жүргізілетін, көз мүгедектеріне арнайы жасалған жоба жайында айтты.
Әр баяндама слайдпен көркемделіп, оқырман қауымына нақты да айқын мағлұмат табысталды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/rukhani-zha-yru-bolasha-ty-aj-yny-o-yrman-konferentsiyasy.html#sigProId0ff38ff4f6