Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай 22 қыркүйекте көзі көрмейтін және нашар көретін азаматарға арналған облыстық арнайы кітапханасында ҚСҚ (қазақ соқырлар қоғамы) мүшелерінің отырысы өтті. Оқырмандарды «Рухани жаңғыру» - президент бағдарламасымен таныстырып, «Бір ел – бір кітап» Республикалық акцияға қатысушыларды сайладық, сонымен қатар төмендегі сұрақтар қарастырылды: қарттар күнің өткізуін талқылау; «Не? Қайда? Қашан?» онлайн-ойынына дайыдық туралы; «Ақ таяқ» күнің өткізу туралы; ҚСҚ 80-жылдығы; ағылшын курстары кажеттілігі туралы; арнайы кітапхана алаңында даладағы тренажерларды орналастыру; «тифлофильмдер көрсету туралы.


