Облыстық арнайы кітапханасында Сәбит Дөнентаевтың 130 жылдығына арналған «Шығармалар жинағы» кітабының дыбыстық жазба нұсқасының тұсау кесері өтті. Шараға кітаптың басылып шығуына үлес қосқан Бұқар Жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер мұражайының басшысы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қайыров Ербол Матынұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, айтыскер Айбек Оралхан сондай-ақ С. Дөнентаевтың немересі Дөнентаева Балқия Саматқызы қатысты.
Дыбыстық кітаптың лентасын Қайыров Ербол Матынұлы мен Дөнентаева Балқия Саматқызы қиып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Айбек Оралхан Сәбит Дөнентаевтың жарияланбаған тың деректерімен бөлісіп, «Мыстан» өлеңін оқыды. Павлодар Журналистер Одағының мұшесі, аудармашы С. Сатыбалдин сөз сөйлеп, С. Дөнентаевқа арнап жазған өлеңін оқыды. Кітапхананның белсенді оқырманы Алдамбергенов Жанғабыл «Жырау», №24 мектебінің «Әсем қоңыр» ансамбілі «Балбырауын», «Ерке сылқым» күйлері мен С. Ж. Молдабайқызы «Ләйлім шырақ» әнін орындады.
С.Дөнентаевтың «Шығармалар жинағына» арналып кітап көрмесі ұйымдастырылды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/s-bit-d-nentaev-shy-armalar-zhina-y.html#sigProId8144e88b72