Биыл Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл. Осыған орай облыстық арнайы кітапханасында №24 орта мектебінің 8 «Ә» сынып оқушыларына арналып «Сәбит Мұқанов халық жазушысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Қаламгердің қазақ әдебиетінде алар орны ерекше. Ол жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьессаның авторы.
Оқушыларға «Ботагөз» романының желісінде жазылған көркем филімнен үзінді көрсетіліп, кітапхананың тұрақты оқырманы Г. Адамжанованың Брайль қаріпінде «Ботагөз» романынан оқылған үзіндіден бейнебаян көрсетілді.
«Қазақтың атақты жазушысы, драматург» ақыны С. Мұқановтың 125 жылдығына орай, кітап көрмесі ұйымдастырылып, автордың шығармаларына шолу жасалды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/s-bit-m-anov-khaly-zhazushysy-d-gelek-stel.html#sigProId4ad5b12a01