+7 (7182) 34-89-93

Бүгін Облыстық арнайы кітапханасында Ұлттық кітап күніне байланысты «Сүйікті кітабың жайлы айт» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 Бүгін – рухани байлықтың, білім мен мәдениеттің мерекесі – Ұлттық кітап күні!

Бұл күн әрбір қазақстандыққа кітап оқудың маңызын, ұлттық әдебиетіміздің құндылығын және сөз өнерінің шексіз мүмкіндігін еске салады.

Кітап – ұлттың айнасы, тарихтың куәсі, келешектің негізі.

Оқыған ұрпақ – озат ұрпақ!

Бүгінгі шараға Павлодар өңірінің ақын жазушылары, кітапхананың тұрақты да белсенді оқырмандары С. Қ. Сатыбалдин, Б. Ағыманова, В. Х. Косович, И. А. Неустроев қатысып, өздерінің шығармаларымен сондай-ақ сүйіп оқитын кітаптары мен авторлары жайлы ой толғады.

Кітапхананың белсенді оқырманы Г. Т. Адамжанова домбырамен қазақ әндерін шырқады.