+7 (7182) 34-89-93

Ағымдағы жылдың 11 шілде күні облыстық арнайы кітапханада зағип музыкант, еңбегі сіңген мәдениет қайраткері С.О.Садықовтың 75-жылдығына арналған «Сүйікті әуендерді еске алайық» атты еске алу кеші өтті. Кешке С.Садықов зағип әйелдерден құрған вокалдық ансамблі «Сәулем-ай» қатысып, Серік Олжабайұлының «Сәулем-ай», «Ай келбет, Павлодарым!», «Ел мерекесі» және «Асылым-ай» атты сүйікті әндерін орындады. «Сәулем-ай» ансамблінің мүшелері: Г.Адамжанова,  М.Амирова және Ж.Садыкова өз естеліктерімен бөлісті.

2013 жылы радионың «Хроники региона» бағдарламасында Серік Олжабайұлы берген сұхбатынан үзінділер қойылды.  

 Кеште кітапхана мен Садыковтер жанұясынын архивынын  фотосуреттерінен жасалған слайд оқырмандардың назарына ұсынылды.