8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінің қарсанында облыстық арнайы кітапхана қызметкерлері «Жас ұрпақ» жастар үйімен бірлесіп, 2017 жылдың 6 наурыз күні «Сүйікті жандар күні» атты тақырыптық кеш өткізді. Мерекелік шараға кітапхананың оқырмандары Кызынгашева Лиля мен Колесников Иван шақырылды.
Шара барысында көктем, махаббат туралы лирикалық әндер қонақтардың орынауында шырқалды. Жастар үйінің тәрбиеленушілері әйелдер, аналар туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Қыздар сайыстар мен сауалнамаларға белсене қатысты. Кеш соңында дәстүрлі түрде қыздар мен әйелдерге мерекелік сыйлықтар сыйланды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/s-jikti-zhandar-k-ni.html#sigProId97315c4253