+7 (7182) 34-89-93

Облыстық арнайы кітапханада Павлодар өңірінің белгілі ақыны, педагог, журналист Сүлеймен Баязитовтың «Алаш арыстары» кітабының «Поэмалар мен аңыздар» бөлімінінің дыбыстық жазба нұсқасының тұсаукесері өткізілді. Тұсау кесер рәсімі қаламгер ағамыздың сексен жылдық мерейтойына орайластырылған екен. Шараға ақынның көзін көрген қаламдастары, ұрпақтары және №24 мектеп оқушылары қатысты.

Сүлеймен Баязитов әдебиетке сүбелі үлес қосқан қаламгерлердің бірі. Көптеген жыр кітаптарының авторы. Шығармашылық жолы сан алуан салаларды қамтиды. Сүлеймен ағамыз тек қана балалар әдебиеті ғана емес, сатираға да, журналистика, өлкетану ісіне де ат салысқан адам. Егерде сіздің жазған жырыңызды дәріптеп жатса, оқушылар оқып жатса онда сіз бен біздің ұтқанымыз. Кітаптың дыбыстық жазба нұсқасының тұсаукесерінің лентасын қию С.Баязитовтың ұлы Баязитов Мұхит Сүлейменұлына табысталды. Сонымен қатар Павлодар өңірінің журналистер одағының мүшесі, Аққулы ауданының белсенді азаматы, ақын, аудармашы Сатыбалдин Серік Қинаятұлы қатысты. Ол Абыз ақын жайлы өзі білетін ақпараттармен бөлісті. Кітапхананың белсенді оқырманы Даутбаев Балабек ән шәшуін арнады.

 

Онлайн кім

Қазір 63 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр