+7 (7182) 65-01-29

26 маусым күні КМҚК «Жас ұрпақ» «Жас дәурен» Жасөспірімдер үйінде нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Салауатты жастар – салауатты ұлттың болашағы» атты жастар акциясы өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға саналы таңдау жасаудың, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың және зиянды әдеттерден аулақ өмір сүрудің маңыздылығы еске салынды. Біз денсаулықты, белсенді өмір салтын және жарқын болашақты таңдаймыз!