13 қараша күні облыстық арнайы кітапхана мен ЖО-ның арасындағы ынтымақтастық аясында «Ертіс» телеарнасында «Қала 718» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.
«Саусақ ұшындағы әлем» атты эфир тақырыбы «Ақ таяқ» күніне арналды. Зағип оқырмандар өз шығармашылығын көрсетіп, өмірге деген оң көзқарастарымен бөлісіп, қызықты және белсенді өмірлерінің шымылдығын ашып, сауықтыру мен қызығушылық деген бос уақыттарын және кез-келген ақпаратты кітапханадан алатынын айтты.
Бағдарлама жүргізушісі жұртшылықты көру қабілеті нашар адамдарға көбірек мұқият болуға шақырды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/sausa-shynda-y-lem.html#sigProIdbdc8b926ba