18 қазан күні облыстық арнайы кітапханада мүгедектермен жүмыс жасайтын кітапханашыларға арналған «Кітапхана мәдениеті: электронды технологиялар дәуіріндегі кітап және оқырман сияқты, диалог кітапханаға тең» атты облыстық арнайы семинар-тренинг өтті.
Семинардың бірінші бөлімі «Мастер-ойын алаңы» мұнда басшы орынбасары және инженер-тифложүйеші мастер-класс көрсетті. Содан кейін тәжірибелік жаттығулар өткізілді.
Іс-шараның екінші бөлімінде компьютер сыныбының кітапханашысы тифлокабинеттің жұмысы, «Брайльша оқимыз және жазамыз» сайысы туралы айтып тифлоқұралдарды көрсетті.
«Фигуралар» ойын –жаттығуы , «Кеңсе жаттығуы» және «Пчелки» флешмобы бәрі достық пен ынтымақтастық атмосферасын сыйлады. Ойындарға бәрі қатысып, зағип оқырмандар рөлінде де болып көрді.
Іс-шараға дайындалған материалдар: «Саусақ ұшындағы әлем» атты зағиптардың қолөнер көрмесі, «Арнайы әдебиеттер көрмесі- тұсаукесері» (өлеңдер, естеліктер, нұсқаулықтардың жаңа жинақтары).
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/seminar-trening.html#sigProIdd223739c94