+7 (7182) 34-89-93

2016 жылдың тамыз айының 24- ші күні Қарттар және мүгедектер үйінде Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасының  ұйымдастыруымен Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына орай «Семипалатинский полигон – город, которого не было» атты еске алу кеші өтті.

Іс шараның  мақсаты - Семей ядролық полигонында 40 жыл бойы жүргізілген сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы мағлұмат беру. Жүргізуші іс-шара барысында кеш қонақтармен ядролық сынақтардың тарихымен бөлісіп, «Трагедия Казахстана», «Олжас Сүлейменовтың сөз сөйлеуі» бейне ролик көрсетіп, сонымен қатар, Семей полигонының жабылуы туралы ел Президентінің Жарлығына тоқталып, маңызды ақпараттармен бөлісті.