Алғаш рет АҚШ-та Әкелер күні 1910 жылы 19 маусымда өтті. Мерекенің бастамашысы осы мереке арқылы әкесіне және оның атынан бала тәрбиесіне қатысатын Американың барлық қамқор әкелеріне ризашылығын білдіргісі келді.
Қазақстанда мереке күндерінің күнтізбесін бекіту туралы қаулыға Әкелер күні маусымның үшінші жексенбісінде бекітілген. "Ата-аналар" клубы аясында Әкелер күніне орай арнайы кітапхана " Сен мен үшін Асқар таусың!" атты шарасын өткізді.
Іс-шараға шақырылған қонақтар мереке тарихымен танысты, ал оқырмандар қатарынан 3 отбасы Б. Даирханов, М. Жигомпар, П. Курильчик кештің көңілді өтуіне үлес қосып, викториналық сұрақ жауапқа қатысып, балалар "Әкемді тап" ойынына, Мен және Әкем" сурет салу сайысына қатысып белсенділік танытты. Кеш соңында арнайы кітапхана басшысы атынан әкелер Алғыс хатпен марапатталды, ал балалар тәтті сыйлықтарға ие болды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/sen-men-shin-as-ar-tausy-atty-is-shara.html#sigProIdac49525499