15, 22 сәуір күндері Облыстық арнайы кітапхана таңертеңгі сағат 9-дан бастап сенбілікке қатысып, өз аумақтарынан қоқыс-қалдықты шығарып, ағаш түптерін, жол жиегін ақтады. Кітапхана қызметкерлері «екі қолға бір күрек» алып өз жерімізді өзіміз ретке келтіруіміз қажет деп, ортақ үйіміздің әсемденуіне бір кісідей атсалысты.
Мамыр мерекелеріне орай қаламызды гүлдендіріп, еңбекке деген сүйіспеншіліктері артып, "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей, ұжым қызу жұмыс жүргізді.