+7 (7182) 34-89-93

11 шілде күні облыстык арнайы кітапхана  ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай  «Шәкәрім ақын шалқарынан »  атты  әдеби танымдық сағатын ұсынды.

Қазақ ақыны, философ, аудармашы, композитор, тарихшы, жазушы Шәкәрім Құдайбердіұлы жас кезінен Абай Құнанбайұлының қолында тәрбиеленді. Абай немере інісі Шәкәрімнің дүниеге көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шыңдалуына зор әсер етті. Жазып кеткен мұраларын зерделей келе ақынның орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгергенін және Батыс, Шығыс әдебиетін жақсы білгенін аңғаруға болады. Ақын өлең, дастан, әңгіме, қара сөз, философиялық ой-толғамдары арқылы қазақ өміріндегі оқиғаларға үн қосып отырды. Аталмыш шараға «Абайдың асыл шәкірті» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырылды.

Көрмеге Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы мен өмірбаяны турасында әдебиеттер мен мерзімді басылымдар қойылып шолу жасалды. Оқырман назарын жергілікті ақын оқырман апайымыз  Б. Аккузинованың Шәкәрімге арнаған өлеңіне аудардық. Оқырмандар Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық өлеңдеріне аса құлақ асып, қызығушылық танытты.

Онлайн кім

Қазір 108 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр