10 маусымда облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында «Шабыт» клубының отырысы болды.
Бұл іс-шарада зағип оқырмандарымыздың басын қосып, өздерін толғандыратын мәселелелерді талқылап қана қоймай, бір-бірімен жақынырақ қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызу, ой-пікірлерін ортаға салып бөлісу, бойындағы өнерлеріне өріс беріп, рухани дамыту және клубтың белсенділерін толықтыру және тағайындау.
«Шабыт» клубының осындай отырыстарын тоқсан сайын өткізуге, болашақ іс-шараларда және тәуелсіздіктің 25-жылдығы қарсанында қандай іс-шара және әрбір халқымыздың салт-дәстүрлерін көрсетуіміз керек. «Шабыт» клубының шешімімен келесі отырыс қыркүйек айына белгіленді және тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған іс шараны жаңа әдістемелік түрде көрсетілетінін ойластырды. Ораза айының бірінші жұмасында өткізілген іс шараға құрмет ретінде дастархан жайылды.