Ағымдағы жылдың 14 тамызда Ел басшысының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясымен бірлесе отырып, арнайы кітапхананың оқырмандарымен кездесуі өтті. Кездесуге жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар Павлодар қаласының бөлімшесі, «Көмек-пв» қоғамдық бірлестігі мен Қазақ Соқырлар Қоғамы өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік- лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, намысына, тұрғылықты жеріне және өзге де кез келген жағдайларға байланысты қандай да бір кемсітусіз теңдей қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Облыстық арнайы кітапханасы Департаментпен бірлесе «Шекарасыз қызметтер» аудио және нүктелі-бедерлі форматта атты естелік басып шығарды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/shekarasyz-yzmet.html#sigProId8a01a67b20