+7 (7182) 34-89-93

1 наурызда қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтеді. Алғыс айту күні – Қазақстанның барлық тұрғындарының бір-біріне деген құрметі. Көктемнің алғашқы күнінде оқырмандарына арнайы кітапхана «Шын жүректен Алғыс!» қайырымдылық концертін өткізді.

Ән шашумен Алғыс білдіруге Музыка колледжінің студенттері, Торайғыров университетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасының студенттері және «Сәулем-ай» ансамблі келді.

Арнайы кітапхананың оқырмандары әртістердің жеке орындауындағы әсем әуен мен фортепиано мен домбыраның сазды дауысын тамашалады. Торайғыров атындағы университеттің студенті Қабидолла Еламан ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен попурри орындап, жиналған жұртшылықты жарқын сезімге бөледі.

Алғыс айта бүгін әрбір оқырманға «рахмет» айтамыз! Баршаңызға бейбіт өмірдің жақсылығын тілейміз!

Онлайн кім

Қазір 84 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр