+7 (7182) 34-89-93

Облыстық арнайы кітапханада 2017 жылдың 1 наурыз күні  Алғыс айту күніне арналған «Шын жүректен» атты мерекелік концерті өткізілді. Концертте П.Чайковский атындағы музыкалық колледждің студентері мен Павлодар қаласының №20-шы мектеп интернатының оқушылары қатысты. Халық әндері мен заманауи әндерді шырқады.

Алғыс айту күні  - ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін, біздің ортақ тарихымызды қастерлейтін, өзара көмек және қолдау көрсету күні болғандықтан, мерекелік концерттің соңында облыстық арнайы кітапхана оқырмандары мен қонақтары  бір-біріне алғыстарын білдірді.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр