+7 (7182) 34-89-93

1 наурыз – көктемнің алғашқы шуағымен бірге келген «Алғыс айту күні».

Осы күнге орай Облыстық арнайы кітапханасы тұрақты оқырмандар мен қонақтарға іс –шара өткізді. Бүгінгі мерекеге орай,  Павел Васильев атындағы музей-үйінің басшысы Мерц Закия Саясатовнамен кездесу ұйымдастырды. Ол кітапханаға нүктелі-бедерлі қәрпімен Брайльша жазылған В.М.Тыцкидің кітабын сыйға табыстады. Ол кітапты біздің оқырмандар қолдарымен ұстап көріп, саусақ ұштарымен сезініп оқып көрді.

Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұрады. Өмірдің әрбір сәтін бағалап және Табиғат-Анаға мейірімді күн үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін, елім деген жүректеріңіз үшін алғыс айтамыз.

Жақындарымызға жақсылып жасап, бір-бірімізге алыс айтып жүрейік!

Елімізден ырыс-ынтымақ кетпесін!

Онлайн кім

Қазір 58 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр