2023 жылдың 29 қараша күні Павлодар және Қарағанды қалаларының арнайы кітапхана оқырмандары арасында «Сиқырлы әуен» атты музыкалық-интеллектуалдық онлайн ойыны өтті.
«Сиқырлы әуен» ойыны топтардың сәлемдесуімен басталып, 3 кезеңнен және «Супер ойыннан» тұрды. Қос команданың мүшелері әуендерді бар ынтасымен, қызығушылықпен тапса, белгілі эстрада әншілері Роза Рымбаева мен Алла Пугачева әндерін шырқады. Ойынның есебі 6:3 Павлодарлықтардың пайдасына.
Ойын соңында екі команда да Алғыс хаттармен табысталды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/si-yrly-uen-atty-muzykaly-onlajn-ojyny.html#sigProId3676b52bc4