+7 (7182) 34-89-93

Облыстық арнайы кітапханасында Қабанбай батыр атындағы арнайы мамандандырылған «Жас сарбаз» мектеп-лицей-интернатының тәрбиеленушілеріне арналған Әскери Даңқ музейінің 15 жылдығына орай «Ерлік пен даңқтың мәңгілік мекені» атты тарихи сағат өткізілді.

Кездесуге арнайы қонақ ретінде Әскери Даңқ музейінің ғылыми маманы Дастан Жұмабекұлы қатысып, музей қорында сақталған тарихи жәдігерлер туралы кеңінен әңгімеледі. Кеш барысында қонақ музейдегі Ұлы Отан соғысы жылдарынан сыр шертетін құнды экспонаттар, батырлардың жеке заттары, марапаттары мен тарихи құжаттары жайлы қызықты деректермен бөлісті. Сонымен қатар, әр жәдігердің өзіндік тарихы мен кейінгі ұрпақ үшін маңызы ерекше екендігін атап өтті. Тәрбиеленушілер музей тарихына байланысты сұрақтар қойып, мазмұнды пікір алмасты.
Іс-шара барысында әскери-патриоттық тақырыптағы кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға ел қорғаған ерлердің ерлігі туралы әдебиеттер таныстырылды.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр