+7 (7182) 34-89-93

2017 жылдың 26 қантар күні көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы  кітапханада «Муза» поэзия клубының аясында зағип ақын  Игорь Неустроевтың «Свеча в ночи» кітабының тұсау кесері өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Павлодар  облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылы облыстық сайысы өтті.  Игорь Анатольевич «Поэзия» номинациясының лауреаты атанып, еңбегінің сыйақысы ретінде «Дом печати» баспасы кітабын жарыққа шығарды.

Игорь Анатольевич – сегіз қырлы, бір сырлы адам. Көзі көрмей, есту қабілеті нашар болса да, ол қоғамдық өмірге  белсенді араласады.

Қазақ соқырлар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорнында жұмыс істейді, шахмат спорт түрінен разрядтары бар. Пушкин, Есенин, Цветаева оқулары сияқты жарыстарына, жылсайынғы Павлодар ақындарының марафондарына қатысады.

Өзінің шығармашылық қоржынында өлеңдерінің үш жинағы бар.

Поэзияға жас кезінен әуесқой. Сүйікті ақын-жазушылары: Александр  Пушкин, Эдуард  Асадов, Павел Васильев, Марина Цветаева, Николай Рубцов және Ольга Григорьевна шығармаларында ерекше орын алады.

Игорьдың шығармаларын Павлодардың композиторлары да немқұрайлы қалдырған емес. «Журавли любви» өлеңіне бард Константин Симонов әнін жазса, Людмила Бевз оны орындады.

Көп жылдар бойы Игорь Анатольевич Неустроев кітапхананың өзгеріссіз белсенді оқырманы болып келеді. Мұнда жаңа достар мен пікірлестерді тапты. Кейде шабыт көздерінде  табады.

Арнайы кітапхана «На веслах» (2009),  «Мое слово, со мною будь» (2011), «Буранные корабли» (2015), «Журавли над химами» (2012, 2016) атты жинақтарын өз қаражаты есебінен басып шығарды..

Кеш жылы және достық атмосферада өтті. Игорьды демеуге пікірлестері мен шығармашылығына немқұрайлы адамдар келді. Кештің басты қонақтарының бірі белгілі Павлодарлық суретші, тікелей кітаптың көркемдік жобалауына және Неустроевтар отбасына толық қолдау көрсеткен Александр Иванович Колодин болды.

Ақынға деген жылы лебіздер мен тілектер көп айтылды. Кітап өз оқырмандарын тауып, поэзияны ұнататындарды бей-жай қалдырмайды деген үміттеміз.

Онлайн кім

Қазір 126 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр