Аты аңызға айналған шабуылшы ұшқыш Талғат Бегелдинов ел басына қиын кезенде Отанға деген сүйіспеншіліктің, ерлік пен жауынгерлік өнердің таңғажайып үлгісін көрсетіп, өзін де, халқын да асқақтатты.
6 мамырда облыстық арнайы кітапханада оқырмандарға Т.Я. Бегелдиновтің айбынды ерлігі мен омірбаяны жайлы ақпарат берілді.Оқырмандар Талғат Бегелдиновтің 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылында дүниеге келгенін білді. Екі дүркін Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан авиациясының генерал-майоры екенін де білді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Т.Бегелдинов 305 рет ұшып, жаудың жеті ұшағын атып түсіріп, барлығы 500 сағат ауада болған. Аты аңызға айналған Ил-2 шабуылдау ұшағы тізгінінде отырып, Талғат Бегелдинов: ол фашистердің құрлықтағы әскерлеріне шабуыл жасады, ұшақтарды атып түсірді, барлау жұмыстарын жүргізген.
Батырымыз ейбіт өмірге оралғаннан кейін азаматтық авиация мен құрылыс саласында жемісті еңбек етіп, өзгелерге жоғары ұйымдастырушылық қабілеті мен жақсы адами қасиеттерінің үлгісін көрсетті. Қазақ халық мыңдаған жаңа туған нәрестеге оның есімін берді, олардың көпшілігі оған ұқсауға ұмтылып, кәсіби маман, лайықты тұлға болып өсті. Сол себепті де қаһарман жерлесіміздің жарқын есімі мен еңбегін қазақстандықтар ешқашан ұмытпақ емес.