+7 (7182) 34-89-93

Бала тілі бал дегендей, 20 қыркүйек күні Облыстық арнайы кітапхана таңертеңнен бастап тілдер мерекесіне орай №121 балабақша тәрбиеленушілеріне «Тұлғалардың тілі, мыңжылдық тіл» деген атаумен іс шарасын өткізді, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бүлдіршіндерімізге төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп кітап көрмесі арқылы көрсету болды, оның жалғасы ретінде көз мүгедектерінің жазу құралдарын, арнайы шахмат пен шашкілерін көрсетумен қатар, Брайль әрпінің шығуы, мүгедектердің қолданыстағы тифлокешені туралы айту мақсатын жүзеге асыра, кітапханаішілік экскурсия жасалды.

Ата –аналарының оған қоса тәрбиеші апайдың тәрбиесін алып жүрген кітапханаға келген бүлдіршіндеріміздің ана тілі туралы айтқан тақпақ пен мақалдарынан болашаққа зор сенім артуға болады деп мақтана айтамыз. Бүлдіршіндеріміздің көңілін «Кітапханада өзіңді қалай ұстау керек» деген мульфильмге аудардық.

Дәл осы күні аталған тақырыппен тілдер мерекесін №24 жалпы білім беру мектебімен бірлесе 7 сынып оқушыларына әдеби сағаты өткізілді. Әдеби сағаттың көркемі қазақ, орыс, өзбек, араб, испан тілдерінде ән шырқаған кітапхана оқырманы 1 топ мүгедегі Лиля Кызынгашева осы шараға үлкен үлес қосты. Оқушылар белсенділік танытып тіл туралы мақал-мәтелдер мен өлеңдер айтты. Қазақстан халқының тілдер мерекесі атты тақырыппен кітап көрмесі кітапханада өз орнын алды.

Онлайн кім

Қазір 80 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр