+7 (7182) 34-89-93

Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхананың залы шаңырақ стилінде көркемделіп, қабырғаларда (текемет) қолмен жасалған кілемдер ілінді. Сонымен қатар, салт-дәстүр туралы мағлұматтарын ұсынуда кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Наурыз мейрамының басты қонағы ретінді «Дустлик-хайот» Өзбек этномәдени бірлестігінің» ұжымы өз салт-дәстүрлері туралы айтып, өзбек әндерін шырқады. №24 мектеп оқушылары көңілді әнмен жадыратып, әдемі бимен мерекеміздің сәнін келтірді .

Кітапханамыздың зағип ақыны В. Косович осы мерекеге арнап өз жинақтарынан  өлеңдерін оқыды.

Жылсайынғы салт-дәстүрді сақтап кітапхана қызметкерлері дайындаған наурыз көжеден келген қонақтарымыз дәм татты.

Онлайн кім

Қазір 48 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр