+7 (7182) 34-89-93

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай № 26 мектептің бастауыш сынып оқушыларына  «Тәуелсіздікке тән белгі» атты тарихи сағатын ұйымдастырды.

Іс-шара ҚР әнұранымен басталды, балаларға мемлекеттік рәміздердің жасалу тарихы туралы айтылды. Әңгіме соңында балалар іс-шара тақырыбы бойынша сұрақтарға қызығушылықпен жауап беретін викторина сайысы өткізілді.

Әрі қарай балаларға кітапхана бойынша экскурссия ұйымдастырылды. Оқушыларға зағип оқырмандарға арналған бедерлі – нүктелі форматтағы кітаптар көрсетілді; мемлекеттік, атаулы және мерейтой күндері өтетін іс-шаралар, сондай-ақ жалпы кітапханадағы жұмыс туралы айтылды. Зағиптарға арналған үлкейткіш оқу машинасы "Сара" көрсетілді. "Жан Алауы" аудио форматтағы кітаптар жазылатын дыбыс жазу студиясы; тифло кабинет яғни Брайль бойынша оқитын және жазатын компьютерлік кабинетпен танысты.    Кітапханаға келе алмайтын зағип оқырмандарға үйге кітаптар беретін абонементтің бар екені жайында айтылды