2 ақпан күні Қазақ зағиптар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорнының тігін цехында Мұхамеджан Сералиннің 150 жылдығына орай «Тұңғыш тілші, қазақ» атты дауыстап оқуы өтті.
Мұхамеджан Сералиннің өмірбаяны мен шығармашылық жолына шолу жасалып тілшінің еңбегі туралы айтылды.
Мұхамеджан Сералин (1872, қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылы — 8 қараша 1929, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылы) — ақын, жазушы, журналист, публицист, қазақ журналистикасының атасы.
М. Сералин – табиғатынан дарынды, аналитикалық ойлау қабілеті, қоғамдағы барлық оқиғаларға өз көзқарасы бар тұлға. Оның басты мұғалімі – өмір.
Бүкіл орыс классикалық әдебиетін оқып шығып, қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттей отырып, өзі де өлеңдер жаза бастады. Орыс, парсы, татар тілдерін жетік меңгерді. Осы уақытта «Топжарған» және «Гүлһашима» поэмаларын жазды. Жаяудың үні шықпас, жалғыздың шаңы шықпас. Мақсатқа жету үшін өз басылымын ашу керек еді. Осылайша «Айқап» журналын құрды.
Осылайша, мерзімдік басылымды шығарып жүрген Сералин өз халқына қызмет еткен. Ол алғашқы қазақ журналының редакторы әрі басқарушысы. Мұхамеджан Сералин қазақстандық журналистикада ірі жетістіктерімен өз қолтаңбасын қалдырған. Сол себептеп де оны қазақ журналистикасының атасы деп атауға толық құқығымыз бар.