Мүгедектермен жұмыс жасау тәжірибесін тарату мақсатында Павлодар облыстық арнайы кітапханасында, Павлодар облысының кітапханалық пунктілеріндегі мүгедектермен жұмыс жасау кітапханшылары үшін, «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында жоспарлау, есеп беру және құжаттармен жұмыс жасау» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.
Семинарда жалпақ басылымды әдебиеттерді оқуда қиындықтар туындаған адамдарға кітаптармен таныстырудың жаңа технологиялары туралы мәселе қойылды. Михайлов электронды кітапханасы, үйге және кітапханадан тыс қызмет көрсету және дауыстап оқу қызығушылық клубтары туралы, сонымен қатар оқырманға арналған кітаптарды флеш-картаға жазу туралы мәлімет берілді.
Семинарға қатысушылардың ерекше қызығушылығын компьютерлік сынып жұмысымен және басып шығарылған мәтінді сканерлеп, содан кейін дауыстап оқитын «оқу» машинасынан туындады.
Кітапхананың мамандары зағип адамдарға қажетті ақпаратты жанама түрде алуға мүмкіндік беретін тифлотехника құралдарының көрсетілімін өткізді. Ертіс кітапханасының кітапханашысы мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.
«На волне периодической печати» атты арнайы әдебиет бойынша мағыналы шолу жүргізілді.
Қорытынды жасай отыра, әріптестер көптеген мейірімді және ізгі –тілектерін білдірді.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/t-zhiribe-izben-b-lisi-iz.html#sigProId48c1bd0726