+7 (7182) 65-01-29

«Бір ел – бір кітап – 2026» республикалық акциясы аясында көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романының Брайль қарпіндегі нұсқасының тұсаукесері өтті.

Шараның басты мақсаты – көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандардың отандық әдеби мұраға қолжетімділігін арттырып, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға кітап оқудың заманауи әрі қолжетімді мүмкіндіктерін ұсыну.

Тұсаукесер барысында «Тағдыр» романының Брайль қарпіндегі нұсқасымен қатар, ерекше оқырмандар үшін шығарманың аудио және QR-код арқылы қолжетімді нұсқалары да көпшілік назарына ұсынылды.

Бұл – қазақ әдебиетінің таңдаулы туындыларын барша оқырманға тең дәрежеде ұсынуға бағытталған маңызды қадам. Кітаптың Брайль, аудио және цифрлық форматтарының қатар ұсынылуы әдебиеттің қолжетімділігін кеңейтіп, ерекше оқырмандардың рухани және мәдени өмірге белсенді араласуына мүмкіндік береді.

Шара барысында қатысушылар «Тағдыр» романының әдеби құндылығы мен тарихи маңызына тоқталып, кітаптың жаңа форматтарда оқырманға жол тартуының маңызын атап өтті.

Онлайн кім

Қазір 40 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр