Павлодар облысындағы қарттар мен жалпы мүгедектерге арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қарттарына 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тағдыр тауқыметі – тарих шындығы» атты ақпараттық сағаты өткізілді.
1997 жылдан бастап жыл сайын Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтілуде. 31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі-жаппай саяси қуғын-сүргін мен миллиондаған адамдардың өліміне әкеп соқтырған жан түршігерлік ашаршылықты еске алу күні."Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске алдық. Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салғаны сөзсіз.Сонымен қатар оқырмандар сол қиын кезеңді бастан өткерген жақындарының естеліктерімен бөлісті.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/ta-dyr-tau-ymeti-tarikh-shyndy-y-atty-a-paratty-sa-aty.html#sigProId589501a671