Павлодар Ертіс өңірінің зағип ақыны Жанғабыл Алдамбергеновтың 60 жас мерейтойына арнайы жеке туындысынан құралған «Тағдырдың сыйы» атауымен әндер жинағы жалпақ басылымда және Брайль қарпінде жарыққа шығарылып, арнайы кітапхананың кітап қорын толықтырды.
Бұл жинаққа 30 өлең енгізілді. Ал, мерейтой иесін ән шашумен құттықтауға Торайғыров университетінің «Орындаушылық өнер кафедрасы» студенті Аманбол Бейбіт «Сәйгүлік», «Нурикамал» әнін және Бұқар Жырау музейінің қызметкері Мизам Жұмәлі «Гүлдариға ай», «Көзіңнің мөлдірін ай» әндерін шырқады. Қызы Айман Жанғабылқызы «Жан әке» әнін арнады. Мерейтой иесі жеке туындысынан өнер сүйер қауымға жайдарлы көңілменен жүрек жарды әндерін шырқады.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/ta-dyrdy-syjy-shy-armashyly-kesh.html#sigProIdc88745eab8