15 маусым күні арнайы кітапханада №26 жалпы орта білім беру мектебінің жанындағы жазғы лагерь тәрбиеленушілері үшін «Білім әлеміне саяхат» атты танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында балаларды кітаптар мен білімнің ғажайып әлемімен таныстыру мақсатында қызықты шара өткізілді.
Экскурсия кезінде балалар кітапхананың құрылымымен танысып, оның бөлімдері туралы мағлұмат алды. Сондай-ақ көру қабілеті бұзылған оқырмандарға арналған арнайы әдебиеттер мен арнайы техникалық құрал-жабдықтар жайлы ақпарат берілді. Қатысушылар кітап пайдалану ережелерімен танысып, кітап көрмелерін тамашалады.
Балалар үшін түрлі ойындар мен танымдық викториналар ұйымдастырылды. Әсіресе, түрлі-түсті балалар басылымдары, энциклопедиялар мен танымдық әдебиеттер жас оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/tanymdy-ekskursiya-bilim-lemine-sayakhat.html#sigProId4ab75933e3

