+7 (7182) 34-89-93

31 мамыр күні  Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған Мемориалда облыстық арнайы кітапханасы «Тарих және тағдырлар» атты тарих сағатын өткізді.

 Шара барысында  қатысушылар саяси қуғын-сүргін тарихынан сыр шертіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды, одан кейін кітапхананың белсенді оқырманы, ақын Бағжамал Аккузинова  сол жылдардағы қуғын-сүргінге арналған өлеңін оқыды.

1920 жылдардың соңы мен 1930 жылдардың басында ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мен үдемелі индустрияландырудың басталуымен, сондай-ақ Сталиннің жеке билігінің күшеюімен қуғын-сүргін кең етек алды. Олар 1937-1938 жылдары ерекше ауқымға жетті, онда жүздеген мың азаматтар саяси қылмыс жасады деген айыппен атылды.

Болашақта мұндай трагедия болмас үшін тарихтан сабақ алу керек.

Оқырмандар назарына атаулы датаға байланысты кітапхана төрінде «Қасірет пен Тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Онлайн кім

Қазір 82 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр