4-ші маусым күні 2018 ж. Облыстық арнайы кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай №24 мектеп оқушыларына «Тарихтан туындаған рәміздер» тақырыбында кітап көрмесінен шолу жасалды. Іс шарамыз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды.
Кітапхана қызметкері Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихын және авторлары жайында мәлімет беріп қана қоймай, кітапхана бойынша экскурсия өткізді.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/tarikhtan-tuynda-an-r-mizder.html#sigProIdac3c1c9328