Ағымдағы жылдың 18 тамызында облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында «Шабыт» клубы аясында Қазақстан Мемлекетінің сыйлығының лауреаты, ақын Марфуға Айтхожинаның 80 жылдығына арналған «Тауда туған қарындас» атты поэзия кеші өткізілді.
Кеш жүргізушісі ақынның өмірі және сырлы өлеңдерімен таныстырды. Бұл іс-шараның мақсаты: біздің оқырмандардың бойында әдебиетіміздің асыл мұрасын насихаттау, эстетикалық сезімдерін ояту, өленді сүю, табиғат, тіршілік, туған жерге сүйіспеншілік тақырыбын ашу. Ақынның кітап көрмесіне «Сырлы саз», «Жапырақ сілкінген кеш» және дыбыстандырылған кітап «Тобылғы бүрлегенде» қойылды.
Кеште ақынның дыбыстандырылған өлеңдер мен поэмалар оқырман назарына ұсынды. Іс-шара барысында бейнематериал көрсетілді. Кітапхана оқырмандары ризашылығын білдірді.