+7 (7182) 34-89-93

Облыстық арнайы кітапханасы Қазақ зағиптар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорнының тігін цехынның қызметкерлеріне «Теңге-ұлттық валюта» атты дауыстап оқу үйірмесін өткізді. Цех қызметкерлеріне теңгенің шығу тарихы мен пайда болуы жайында ақпараттар ұсынылды.

Бүгін Қазақстанның Ұлттық валютасы – төл теңгеміздің айналымға енгізілген күні. Сондай-ақ, 15 қараша республикада қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ретінде де аталып өтіледі.

1992 жылдың 27 тамызы күні Қазақстаның Ұлттық банкі теңге купюрасының үлгілерін бекіткен болатын. Мемлекет басшысының жеке тапсырмасымен отандық суретшілер Тимур Сүлейменов, Қайролла Әбжәлелов, Меңдібай Алин және Ағымсалы Дүзелханов Англияда қазақ валютасының дизайнындағы портретін бекітті.

Жаңа ақшаны ХV ғасырда Отырар қаласында «таньга» атауымен басылып шыққан монетаға ұқсастырып «теңге» деп атау туралы шешім қабылданған.

1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұған дейін екі жыл бойы теңгені қолданысқа енгізуге күрделі дайындық жүргізілген еді. Нәтижесінде, 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді.

Барша қазақ елін ұлттық валюта күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Онлайн кім

Қазір 103 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр