Облыстық арнайы кітапханасы Новосибирск арнайы кітапханасымен бірлесіп Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай 26-28 мамыр аралығы Павлодар қаласында Новосибирск күніне байланысты «Из одного металла льют - медаль за бой, медаль за труд…» тақырыбында Павлодар – Новосибирск телемост өткізді.
Павлодар – Новосибирск Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханалары бір-бірімен ақпарат алмасты. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы ортақ тарихымызбен, тылдағы қалалардың өмірі мен Жеңіске қосқан ортақ үлесі туралы Ұлы Жеңіс жайлы әңгіме талқылады. Соғыс жылдарында тылдағы қалаларда болған маңызды оқиғаларға арналған танымдық викторина өткізілді, Новосибирск және Павлодар авторларының шығармаларымен танысып – өлеңдері оқылды, оқырмандар соғыс жылдарындағы әндерді орындады.
Телемост қатысушылары бір-біріне алғыс білдіріп, болашақта тағы да кездесуге уәделесті. Телемостқа қатысқан команда қатысушылары Новосибирск арнайы кітапханасының алғыс хаттармен марапатталды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/telemost-novosibirsk-pavlodar.html#sigProId71f7f1fc74