+7 (7182) 34-89-93

19 қарарша күні №7 арнай мектеп-интернатының көру қабілеті бұзылған оқушыларға арналған «Тифло-тайм: Қазастан бойынша саяхат» атты іс- шарасы өтті. Осы жолы өткізілген іс – шарада  виртуалды саяхат қатысушыларды Алматы қорығына апарды.

Саяхат барысында балалар мұз түйіршіктерімен, Алматылық алманың хош иісімен, кесіртке терісімен, сонымен қатар дәрілік өсімдіктер – шайқурай, аналық шөппен және нәзік ирис гүлімен  танысты.

 Тифлотүсіндіру және берілген элементтерді ұстап көру, сезіну мүмкіндігінің арқасында қатысушылар жарқын әсер алып, Қазақстанның табиғатын жаңаша елестете алды.